Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЭКОАКЦИЯҒА ИМАМДАР ДА АТСАЛЫСТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЭКОАКЦИЯҒА ИМАМДАР ДА АТСАЛЫСТЫ

ЭКОАКЦИЯҒА ИМАМДАР ДА АТСАЛЫСТЫ

        Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Жетісай ауданы аумағындағы қала, кент және барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынуда.
       Аудан тұрғындары арасында көшелер мен елді мекендердегі тазалықты сақтау жұмыстарына жұмылдыру ісіне аудандық «Нұғман» орталық мешітінің имамдары мен мешіт жамағаты да атсалысып, мешіт маңындағы көшелерге, гүлзарлар мен автотұрақ орындарын күл-қоқыстардан, шөптерден тазартты.
        «Мемлекет басшысымыздың бастамасымен бастау алған тазалық жұмыстарына қатысушы мешіт жамағатының саны да күн санап артып келеді. Бұл – тұрғындардың туған өлкеге деген махаббаты, жанашырлығы деп білеміз. Қазірде аудандағы барлық мешіттердің аумағында тазалықты сақтау мақсатында арнайы кестелер бекітіліп, санитарлық тазалық жұмыстарын тынымсыз жүргізіп жатырмыз» дейді Жетісай ауданы бас имамының міндетін уақытша атқарушы Бағдат Шаймерден.
        Шараны ұйымдастырушылар сенбілік жұмыстары тек орталықтардағы мешіттерде ғана емес барлық округтердегі елді мекендерде жыл он екі ай жалғасатындығын айтады.
Б.НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1