Пробация қызметі бөлімінің есебіне алынған адам бас бостандығынан айырылмағанымен, оның мінез-құлқы мен жүріс тұрысы әрдайым жіті бақылауда болады.
2020 жылы Мақтаарал аудандық пробация қызметі бөлімінің бақылайтын аумақта дәл осындай бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түріне сотталған 231 азамат есептен өткен. Осы сотталғандардың барлығын пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері үнемі қадағалап, олармен тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргізіп отыр.
2020 жылы тәртіп бұзған 5 сотталған азаматтар сот үкімімен қайтадан түзеу мекемесіне жөнелтілді. Өзінің түзу жолға түскенін адал еңбектерімен және жағымды мінез-құлықтарымен дәлелдеген 9 сотталушы мерзімінен бұрын босатылды, 45 сотталушы шартты жазаға ауыстырылды.
Қай кезде де қылмыстың алдын алу, сақтық шараларын жасау оң нәтижелерге бастайтын жол екенін ұмытпау керек.
Н.САБАЕВ,
Мақтаарал аудандық Пробация қызметі
бөлімінің бастығы, әділет майоры.