Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«Шеврон» Қазақстанға дәрі-дәрмек пен медициналық қорғау құралдарын жеткізді - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » «Шеврон» Қазақстанға дәрі-дәрмек пен медициналық қорғау құралдарын жеткізді

«Шеврон» Қазақстанға дәрі-дәрмек пен медициналық қорғау құралдарын жеткізді

Алматы, Қазақстан – «Шеврон» корпорациясы Қазақстан Республикасына көрсеткен гуманитарлық көмек аясында COVID-19 індетімен ауырған науқастарды емдеу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне арналған дәрі-дәрмектерінің екінші топтамасын және дәрігерлерге 400 000 жоғары сапалы медициналық қолқап жеткізді.
«Шеврон» компаниясы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, сатып алынған және Алматы қаласына  жеткізілген қажетті дәрі-дәрмектердің тізімін құрды. Екінші топтамада  дәрі-дәрмектің 70 000 қаптамасы жеткізілді, олар Қазақстанның барлық облыстық орталықтары мен үлкен қалаларының емханалар мен ауруханаларына жіберіледі.
Сонымен қатар, медициналық қорғау құралдары – дәрігерлерге арналған медициналық комбинезондар, бетперделер, қолқап және бахилдер сатып алынады. Олардың қолқаптары бар бірінші топтамасы елге жеткізілді.
«Шеврон» корпорациясы әлемдегі жетекші  біріктірілген  энергетикалық компаниялардың бірі. Компания бүкіл әлемде энергетика саласының барлық түрлеріне қатысады. «Шеврон» шикі мұнай мен табиғи газды зерттейді, өндіреді және тасымалдайды, мұнай өнімдерінің маркетингімен және оларды өткізумен айналысады; мұнай-химиялық заттарды өндіреді және сатады; қуат өндіреді, компания қызметінің барлық салаларындағы тиімділікті арттыру технологияларын әзірлейді және қолданады. «Шеврон» компаниясының бас кеңсесі Калифорния штатындағы Сан Рамон қаласында  орналасқан.
«Шеврон» туралы толығырақ ақпаратты  
www.chevron.com сайтынан табуға болады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1