Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
“Шеврон” және "QazaqGaz" арасындағы маңызды әріптестік - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » “Шеврон” және «QazaqGaz» арасындағы маңызды әріптестік

“Шеврон” және «QazaqGaz» арасындағы маңызды әріптестік

          Алматы қ. Қазақстан – 2022 жылғы 28 қыркүйек.
        “Шеврон” корпорациясы өз филиалы “Шеврон Мұнайгаз Инк.” (бұдан әрі – Шеврон) компаниясы арқылы және QazaqGaz ҰК АҚ (бұдан әрі – QazaqGaz) энергияға ауысу бастамаларына және Қазақстандағы газ стратегиясын дамыту аясындағы ынтымақтастықты қарастыру үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі – Меморандум) қол қол қойғаны жөнінде мәлімдеді.
         Меморандум газды пайдалану және Қазақстан Республикасының энергетикасын көміртегі бейтараптылығына ауыстыру стратегиясын әзірлеуге қатысты ұсыныстарды қамтиды.
         Меморандумға Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесc, QazaqGaz Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қол қойды.
         “Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасын дамытудағы газдың маңызды рөлін атап өтті. Біз газ саласындағы инвестициялық климатты ұзақ мерзімге жақсартуға қажетті қадамдарды белгілеуіміз қажет, – деді “QazaqGaz” басшысы Санжар Жаркешов. – Шеврон” компаниясы сияқты стратегиялық серіктеспен ынтымақтасымызды нығайту Қазақстанның газ саласын дамытуға және газға деген ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін маңызды. Меморандум Қазақстанның энергетика саласын дамытудағы маңызды қадам.”
        Меморандум Қазақстандағы газды барлау және өндіру жобасын дамыту саласындағы мүмкіндіктерді бірлесіп зерттеуге мүмкіндік туғызады.
         “QazaqGaz” компаниясымен Өзара түсіністік туралы меморандум “Шеврон” компаниясының Қазақстан Республикасымен 30-жылдық серіктесінің тағы бір маңызды сатысы. Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық ірі ауқымды энергетикалық жобаларды іске асырудың негізі. Қазақстан энергетикалық ауысу саласында алдына үлкен жоспарлар қойып, елдің көміртегі шығарындыларын азайту бойынша мақсаттарына қол жеткізуге қажетті шараларды қолға алып отыр. Серіктестерімізбен және Қазақстан Республикасы үкіметімен тығыз қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтып, энергетика саласын дамытуға және Қазақстан халқын гүлдендіруге әлі де талай үлес қосамыз, деп сенеміз”, – деді Дерек Магнесс.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1