ЦИФРЛЫҚ МИНИСТРЛІК ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АҚШ-ТА
Автор: ҚалмұратҚаралым: 24
МинистрЖасланМәдиевбастаған ҚР цифрлықдаму,инновацияларжәнеаэроғарышөнеркәсібіминистрлігініңделегациясыАмерика Құрама Штаттарындажұмыссапарыменжүр.
Іс-сапардың мақсаты – АҚШ үкіметінің өкілдерімен келіссөздер жүргізу, NVIDIA, Microsoft, Amazon, Space X және т.б. әлемдегі жетекші технологиялық алпауыттармен серіктестік орнату және нығайту.
Екі жақты кездесулермен ірі IT-компаниялармен венчурлік қорлардың кеңселеріне баруды қамтитын бағдарлама жоспарланған.
Ірі технологиялық компанияларды (big-tech) тарту мақсатында Қазақстанға бірлескен жобаларды түсіну үшін бірқатар келіссөздер жүргізілді.
Тараптар сондай-ақ байланыс, цифрлық инфрақұрылым, деректерді жіктеу, бұлтты технологиялардың басымдылық саясаты (cloud-firstpolicy), елдің халықаралық байланысы (connectivity) жәнет.б. мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, цифрлық министрлік басшысы шетелде тұратын және әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істейтін қазақстандықтарды біріктіретін Digital Nomads IT-қоғамдастығының өкілдерімен кездесіп, Орталық Азия стартаптарына арналған жаңа акселерациялық бағдарламаларды іске қосу үшін Кремний алқабындағы Silk road Innovation Hub-қа баруды жоспарлап отыр.