Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ КЕЛЕШЕГІМІЗ БАЯНДЫ БОЛСЫН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ КЕЛЕШЕГІМІЗ БАЯНДЫ БОЛСЫН

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ КЕЛЕШЕГІМІЗ БАЯНДЫ БОЛСЫН

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы мені қатты толғандырды. Өткен уақытқа көз жіберсек шынында да Қазақстан Тәуелсіздік алғалы 30 жылға жуық уақыт ішінде биік белестермен асқар асуларды бағындырып,бүкіл дүние жүзіндегі дамыған алпауыт мемлекеттермен терезесі тең жағдайға жетіп, дамып келе жатқанымызға қуанамын.
Еліміз бүгінде бірлік пен достықтың алтын бесігіне айналды.Тәуелсіздік алғалы бері білім, медицина өндірістің қай саласына қарасақта оң өзгерістерді байқайсың. Ауылдарға өзгеше көңіл бөлініп, жастардың терең білім алуына жағдай жасап, олардың жұмыспен қамту мақсатында көптеген бағдарламалар қабылданғандығы баршамызға белгілі. Қарапайым мысал ретінде ауданымыз Мақтааралды айтсақ та болады. Себебі Тәуелсіздігіміздің арқасында Елбасы Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың арнайы тапсырмасы мен халқы көп шоғырланған іріленген Мақтарал ауданын Жетісай, Мақтаарал аудандары деп екі бөлгені үлкен тарихи уақыт және қуаныш. Бұл аудан тұрғындары үшін үлкен қолдау. Аудан тұрғындарының еңбек сүйгіштігін, қарапайымдылығын, қайырымдылығын айтпай кетуге болмайды. Бүкіл әлемді жаулаған індет кезінде және кешегі су тасықыны кезіндерінде ауыз біршілігі пен бауырмалдықты, сабырлықты, ең бастысы қазаққа тән қанағатшылдықты көрсете білді.
Тәуелсіздігіміздің 30 жыл ішіндегі жетістіктерді бір парақ қағазға сыйдыру мүмкін емес. Жеткен жетістіктеріміз қаншама мақтап дәріптесек те жарасатын жасампаз істер жетерлік. «Тарихты тұлғалар жасайды» демекші бұл жетістіктерге жетуге Елбасымыз, Президентіміз бен аудан басшыларының еңбектері ерен. Келешекте ел тізгінін ұстайтын жастарымыз білімді, парасатты, иманды, мемлекетіміздің экономикасын, мәдениетін, әл-ауқатын көтеріп, бәсекеге қабілетті болсын. Жарқын болашаққа ізгі ниетпен, нақты мақсатпен бет түзеген Қазақстанымыздың болашағы жарық, жолы даңғыл алға дами берсін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы келешегіміз баянды болсын.
Ш.ҚҰРБАНБАЕВА,
 Мақтаарал ауданы «Әжелер алқасының» төрайымы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1