Білім саласыЖас буынҚоғам

ТӘРБИЕШІ ЕҢ АЛДЫМЕН-МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУШІ МАМАН

Қаралым: 57
       Қазіргі таңда кез-келген жанұяда күн көріс қамымен – ата-аналар таң атқаннан қара кешке дейін жұмыста. Оған себеп өте көп. Осындай жағдайда көптеген ата-аналар үшін «Балабақша» қолайлы, себебі олардың балалары таңертеңнен кешке дейін сақтық ортасында.  Балабақшада бала ең алдымен – күн тәртібіне үйренеді. Уақытылы таңғы ас ішу, ұйымдастырылған оқу қызметімен танысу, ойын ойнау, серуенге шығу, сауықтыру шараларын  жасау, түскі ас ішу, ұйықтау, жаттығу жасау сияқты.
          Балабақшадағы  тәрбиешінің  рөлі – бүгінгі таңда ата-анадан кейінгі екінші орында тұр десек қателеспейміз. Тәрбиеші  өз тәрбиесіндегі балаларға ең алдымен  үйде еркін өскен балаға – тәртіппен отыруды, сұраққа жауап беруді, қабілетін дамытуды, сурет салуды, ән айтуды, бір-бірімен сыпайы ойнауды, санауды үйретеді.  Сұрақ қойылғанда жылап не айтарын білмеген мінезі қиын балаларды бірте-бірте ашылып бала жақсы жағына өзгере бастайды. Баланы  жақсы тәрбиелеу  үшін- ата-анамен тәрбиеші бірлесе жұмыс жасау қажет. Ата-ана тәрбиешіге, тәрбиеші ата-анаға сену қате пікір. Баланың болашағы жақсы, мықты қаланған фундаментке байланысты. Бала жастайынан тілді меңгеруі қажет, өз ойын жеткізе білуі қажет, құрбы-құрдастарымен жақсы қарым-қатынасты болуды, білімді, ақылды болып өсуі болашағының жарқын болуының кепілі.
        Адамгершілік саналығы биік ата-ананың отбасы мүшелерінің бір-бірімен сырласуы, қолдасуы, көмегі, татулығымен ынтымағы бір-біріне талап қоя білуі әрқашан әділ болуы, білікті, іскер азаматтар өсіп шығады. Міне бақытты отбасының формуласы. Әке де анада, тәрбиешіде – болашақта мықты,өз-өзіне сенімді азамат пен азаматшалар тәрбиелеуші тұлғалар.  «Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар»  -деген астарлы сөздермен өз ойымды түйіндесем. Өміріңізге мән беретін, үйіңізге сән кіргізетін, көңілге нұр құятын, жүрегіңізге мейірім сыйлайтын бауыр етіңіз балапандарың аман болсын, ғұмырлы болсын, хатта отысын, білімді, ақылды болып өсуіне сіз болып біз болып атсалысайық.
        Балдырғандарыңыздың болашағы – өз қолыңызда. Бала – бақыт, бала – қуаныш, бала – шаттық, бала – мақтаныш екенін ешқашан да ұмытпаңыз.  Баланы өсіріңіз – баланы мақтаңыз, бала шабыт сыйлаңыз — баланы үнемі ойлаңыз. Оның сұрағына жауап беріңіз, оның балабақшада уақытының қалай өткенін сұраңыз. Сонда не үйренгенін, балабақшада не жасағанын  сұраңыз, Жақсы жетістіктерін мақтаңыз, қолға алған оң істеріне қолдау  көрсетіңіз, сонда оның мерейі өсіп, өз-өзіне деген сенімі артады.
Мұхтарова Махсада Тасанбойкизи,
 «Ерке сұлу» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі,  Атакент кенті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *