«Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясының ұлт құндылықтарын сақтау, насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесіндегі 24 тамыз – Туған жер күніне орай байқау жарияланды.
Байқауға қатысам деген азаматтар төмендегі шартты орындауы керек.
1.Туған жер күніне орай бейнеқұттықтау жазып және өз өнерлерін көрсетіп, 50 досын белгілеп, оны Facebook желісіндегі «Qazaq club –Qaragandy» тобына жариялауы керек.
Байқау ең кемі 3 қатысушы болған жағдайда өтті деп есептеледі.
Байқау қорытындысы 26 тамызда сағат 22.00-де шығарылады.
Халық көңілінен шығып ең көп лүпіл (лайк) жинаған құттықтау ақшалай жүлделермен марапатталады. Құттықтау форматын қатысушылар өздері таңдайды.
Нәтижелер «Qazaq club – Qaragandy» тобында пост ретінде және қатысушылардың жариялаған құттықтауларының астына жазылады.
Қатысушыларға берілетін жүлделер:
1 орын — 20.000 теңге
2 орын — 7000 теңге
3 орын — 3000 теңге
Байқау «Қазақ жігіттері» және «Қазақ қыздары» меценаттар клубының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.