Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

        «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен «өнімді жетілдіру және жобаның инвестицияларды тартуын қоса алғанда, коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу» технологиясын коммерцияландыруға инновациялық гранттарды іріктеу конкурсын жариялайды.
       Инновациялық грант грант алушыларға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізуге беріледі.
      Конкурстың мақсаты – нарыққа жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестерді және қызметтерді шығару.
       Конкурсқа қатысуға өтінімдер электронды портал арқылы қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі құжаттар пакетін ұсынуы қажет. Құжаттар тізбесі Конкурс қағидаларында көрсетілген https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021367.
       Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 01 тамызында басталып, 2022 жылдың 15 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 18 сағат 00 минутта аяқталады.
       Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін барлық түсіндіру жұмыстары ZOOM платформасында жүргізіледі. Тіркелу сілтемесі qazinn.kz сайтында, сондай-ақ https://forms.gle/xaPdqhM34TBvMAhR7 табуға болады.
        Сұрақтар туындаған жағдайда, әлеуетті өтінім беруші +7 775 623 14 22 нөміріне қоңырау соғып, сондай-ақ WhatsApp немесе Telegram-ға жазып, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін кеңес ала алады.
        Сонымен қатар, арнайы telegram-чатта сұрақтар қоюға болады (сілтеме: https://t.me/QazInnovations_chat).
         Еске сала кетейік, QazInnovations ұйымы – инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты болып табылады. QazInnovations негізгі міндеттерінің бірі инновациялық қызметті ынталандыру.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1