Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТАПСЫРМАЛАРДЫ УАҚЫТЫЛЫ ОРЫНДАМАҒАН БАСШЫЛАРҒА ҚАТАҢ ШАРА КӨРІЛЕТІН БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТАПСЫРМАЛАРДЫ УАҚЫТЫЛЫ ОРЫНДАМАҒАН БАСШЫЛАРҒА ҚАТАҢ ШАРА КӨРІЛЕТІН БОЛАДЫ

ТАПСЫРМАЛАРДЫ УАҚЫТЫЛЫ ОРЫНДАМАҒАН БАСШЫЛАРҒА ҚАТАҢ ШАРА КӨРІЛЕТІН БОЛАДЫ

         Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Жетісай қаласының әкімі мен коммуналдық сала басшысымен осыдан бір апта бұрын қаладағы коллекторларды тазалау, ауылдық округтердің санитарлық тазалықтарын сақтау, автомобиль жолдарының бойына тасталатын тұрмыстық қоқыстарды тазалау бойынша берілген тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.
        Әсіресе, Ә.Қашаубаев көшесі бойындағы коллектордың, қаланың арық-атыздарының тазалығын, көшелердегі қоқыс тастайтын урналардың орындарын, кәріз жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін назарға алып, қала тұрғындармен тілдесті.
         Қаладағы жалпы ұзындығы 4 шақырымды құрайтын коллектордың бойында орналасқан 172 жеке тұрғын үй мен бірнеше көлік жуу орталықтарын орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанымен Абай, Мақталы ауылдық округтерінде санитарлық тазалық жұмыстары мардымсыз. Осыған байланысты қос округтердің әкімдеріне сөгіс түріндегі тәртіптік шара көрілді.
       Аудан тұрғындарның денсаулығы мен елді мекендердің санитарлық тазалығын тиісті дәрежеде сақтау мақсатында коммуналдық сала басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне хаттамалық тапсырмалар беріліп, белгіленген мерзімде орындалмаса қатаң шара көрілетінін ескертілді.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1