ТАЛҒАТ НӘРІКБАЕВ: МЕКТЕП САНЫНА ЕМЕС, САПАСЫНА МӘН БЕРУІМІЗ КЕРЕК
Автор: ҚалмұратҚаралым: 40
Білім және ғылым министрлігіне қарасты ADAL BILIM платформасында Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің білім сапасы талқыланды.
Елордада 2010 жылы 74 мың оқушы болса, қазір оның саны 193 мыңға жетіпті. Алайда мектеп саны сәйкесінше 2,5 есеге көбеймеген. Нәтижесінде бүгінгі күннің өзекті проблемасы — үш ауысымда оқу мәселесі туындап отыр дейді Нұр-Сұлтан қаласы №51 мектеп-гимназиясының директоры Аятжан Ахметжанұлы.
«Статистика жүргізу бар мәселені ашып береді. Елордада 90 мемлекеттік мектеп бар. Оның 10-15%-ында ғана 1200 бала оқып жатыр. Қалғандарында оқушы саны нормадан артық. Мұндай жағдайда сапалы білім қайдан болсын» — дейді Аятжан Ахметжанұлы.
Орта білім сапасымемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі екенін айқындай келе, KAZGUU-дің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев мектеп санын арттыру білім сапасы мәселесін шешпейді деген пікір білдірді.
«Нұр-Сұлтан қаласында мектептер жақсы қарқынмен салынып жатыр. Нұр-Отан партиясының жоспарында да мектеп құрылысы негізгі санатта. Бірақ алдымен мектеп санына емес, сапасына мән беруіміз керек. Біздің елде бірдеңенің сапасы жайлы әңгіме болса, бірден құрылыс бастау жайлы шешім шығады. Алдымен ол мектептің мұғалімдері мен директорының білімін қадағалап, айлығын көтеру керек. Қасым-Жомарт Кемелұлы мұғалімдердің жалақысын көтеріңдер дегенге жаппай көтердік, бірақ директорлардікі сол қалпы. Директордың жалақысы 150 мыңның көлемінде, ал қарамағындағы мұғалім 200-220 мың айлық алуда. Ал олмұғалімдердіжұмысқақабылдайтынкім? Директор. Жемқорлық осы тұстапайдаболады. Әкім де директордыңайлығынкөтереалмайды. ӨйткеніҚаржыминистрлігібекіткен «сетка» бар»,- деді Талғат Нәрікбаев.
Осы тұрғыда тікелей эфир модераторы Ерболат Мұхамеджанның «Елордалық мектеп директорларының жалақысын көтерудің қандай жолдары бар?» деген сұрағына Нұрмұхамед Досыбаев жауап берді.
«Әкімдікдиректорлардыңжалақысынкөтеруүшінмектептер «Мемлекеттікмекеме» емес, «Құқықтықмемлекеттіккәсіпорын» санатынаөтуікерек. Егермектепшаруашылықжүргізуқұқығындағымемлекеттіккәсіпорынретіндетіркелсе, директорларғаүстемеақылар мен қосымшаақылардыөзбетіншебелгілеугеқұқылы»,- дейді Astana Garden School мектебінің негізін қалаушы Нұрмұхамед Досыбаев.
ҚР БҒМ ҚАРАСТЫ ADAL BILIM ЖОБАЛЫҚКЕҢСЕСІНІҢБАСПАСӨЗҚЫЗМЕТІ.