Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Талдықорған: Шаһар халқы неліктен тұрғын үй кезегінен шығып қалуы мүмкін? - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » Талдықорған: Шаһар халқы неліктен тұрғын үй кезегінен шығып қалуы мүмкін?

Талдықорған: Шаһар халқы неліктен тұрғын үй кезегінен шығып қалуы мүмкін?

          Баспанаға мұқтаж отбасылар саны қанша? Кімдер тізімнен алынды? Қанша азаматтың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуі үшін негіздер жойылған? Осы және өзге де сауалдарға Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев жауап берді.
         Айта кетерлігі қала әкімдігі «КЕЗЕКТЕ» порталында баспанаға мұқтаж емес азаматтарды анықтау мақсатында тексеріс жұмыстарын жүргізген.
        «2015-2020 жылдар аралығында заң бұзушылықпен 1108 тұрғын үй берілген. Оның ішінде 360 пәтер жеке тұлғалар мен мемлекеттік қызметкерлерге құжатсыз берілген. Алдағы уақытта бұл үйлер қызметтік пәтер ретінде қолданылмақ. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал тобы санатына жататын азаматтарға 748 пәтер берілген. Бұл тізім бойынша мұрағаттық мәліметтермен салыстыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 298 үй «Береке» коттедж қалашығында, 450-і көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтер. Сондай-ақ, 2295 азамат тұрғын үй кезегінен алынып тасталған. Оның 469-ы тұрғын үй сатып алса, 1826-ы мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе түрлі себептермен тұрғын үй алуға негізі жоқ боп табылған»,- деді шаһар басшысы Әсет Масабаев. Сонымен қатар, «Болашақ» шағын ауданындағы 26,41,42,43 пәтер иелері мен Желтоқсан көшесіндегі үй иелеріне хабарлама жіберілген.
        Бүгінде 96 талап бойынша сот талқылауы жүргізіліп жатыр.
Айта кетерлігі пәтерлерді есепке алу және жалдау төлемдерді бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл алдағы уақытта түсімдердің ашықтығын бақылауға, сонымен қатар төлемдерді кешіктіруді болдырмауға мүмкіндік бермек.
       Жалпы, Талдықорғанда 16 179 азамат тұрғын кезегінде тұр. Оның 6187-і бюджеттік ұйымдардың қызметкері, 9992-і халықтың әлеуметтік осал табына жататын азаматтар.
Аида КОЖМАМБЕТОВА,
Алматы облысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1