Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
СІЗДЕРДІ «АLEM SAZ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНДЕ КҮТЕМІЗ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » СІЗДЕРДІ «АLEM SAZ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНДЕ КҮТЕМІЗ!

СІЗДЕРДІ «АLEM SAZ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНДЕ КҮТЕМІЗ!

       «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 7-16 қараша күндері аралығында «ALEM SAZ» халықаралық өнер фестивалін өткізеді.
       «ALEM SAZ» – әлем елдері мәдениетін шығармашылық ынтымақтастық арқылы бір платформада біріктіруге арналған халықаралық фестиваль болып табылады. Жоба Қазақстан мен әлемнің 76 елі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға және АӨСШК (Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) құрылғанына 30 жыл толуына орай, қазақ халқының аты аңызға айналған әншісі, Қазақстанның және КСРО-ның еңбек сіңірген әртісі Роза Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылып отыр.
         «ALEM SAZ» халықаралық фестивалі ұлттар мәдениетін біріктіру, сақтау және дамыту, әлем елдерінің тарихи мұралары мен мәдени құндылықтарына құрметпен қарап, мәдениет және өнер қайраткерлерінің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыруға негізделген.
       Фестиваль бағдарламасында: іс-шараның салтанатты ашылуы мен баспасөз конференциясы, сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, жәрмеңкелер, фильм көрсетілімдері, дәрістер мен шеберлік сабақтары, жеке концерттер мен Гала-концерт өткізу жоспарланған.
         Халықаралық фестивальді ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» ұйымдастырып отыр. Іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстан Республикасындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылады.
М.ОРЫНБЕТОВА,
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт»
мемлекеттік концерттік ұйымының
баспасөз қызметі,
infoqazaqconcert@gmail.com
+ 7 702 126 22 09

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1