Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

         Мақтаарал ауданында қыс жылдағыдан қатты болып, қар әдеттегіден екі есе көп түсті және де алдағы уақытта күннің күрт жылынуынан су басу қауіптері жоқ емес. Осыған байланысты аудан әкімінің тапсырмасымен аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар бөлмінің мамандары бірқатар елді мекендерде болып, сондағы қашыртқылардың, су реттегіштердің және қар суының жиналатын орындарының жағдайын көрді.
      Жалпы аудан аумағында су тасқынына алып келетін өзен, көлдер, су қоймалары, гидротехникалық құрылыстар жоқ. Дегенмен, Өзбекстан Республикасы «Сырдария» аумақтық су шаруашылығы бірлестігінің есебіндегі «Достық» магистральды каналы арқылы ауданымызға ағын су жеткізіледі. Қазіргі таңда каналдың қауіпті болатын авариялық аймақтары жоқ. Соған қарамастан, каналға бақылау бекеттері ұйымдастырылып, диспетчерлік кезекшілік қойылған.
        Негізінен, Мақтаарал ауданында жыл сайын ақпан, наурыз айларында жауатын нөсер жаңбыр мен егістік жерлерді қысқы сор шаю жұмыстарын жүргізу  салдарынан жер асты суларының деңгейі көтеріледі. Егістік жерлердің қысқы сор шаю жұмыстарының көктемге дейін созылуы,  көктемгі жауын-шашынға ұласып, жер астына сіңбей, аумақтардан су тартып шығару қиындап, тұрғын үйлердің аулаларын су басады. 2022 жылы наурызда 1 ай бойы жауған жаңбыр көптеген тұрғындарымызға қолайсыздық тудырған еді.
       Аталған төтенше жағдай оқиғалары ескеріліп, былтырдан бері Атакент кентінде 4 көшеге жаңадан лотоктар салынды. Аудан көлемінде 147,86 км ирригациялық жүйелер және арық-атыздардың арналары тазаланды. Кенттер мен елдімекендердің ішінде орналасқан 38 тік дренаж 100% қосылуға дайын тұр. Сондай-ақ, егістік жерлерде орналасқан 145 тік дренаж да іске қосылуға дайын. Бұдан бөлек, су басу және су тасқыны мерзімінде қажет жағдайда шұғыл жеткізілетін  84 мотопомпалар сақадай сай тұр.
      Айта кетейік, кез келген су тасу және авариялық жағдайларға қарсы тиісті техникалар, құрал жабдықтар мен инертті материалдар ретке келтірілген.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1