СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ АШЫЛДЫ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 57
2025 жылғы 14 шілдесі күні Семей қаласында «Ауыл» партиясының қатары жаңа мүшемен толықты. «Қазақстанның саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Семей аймақтық филиалының жетекшісі Омар Ардақ «Ауыл» партиясының мүшелігіне қабылданып, партия қатарын толықтырды.
Осы шараға орай, «Қазақстанның саңыраулар қоғамы» ұйымы жанынан ресми түрде «Ауыл» партиясының бастауыш партия ұйымы ашылды. Бұл дегеніміз Азаматтық қоғам өкілдерінің партия жұмысына белсенді араласып, ортақ мүдде жолында жұмыла еңбек етуге дайын екенін көрсетеді.
«Ауыл» партиясы әрқашан қоғамның осал топтарын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға баса назар аударады. Бастауыш партия ұйымының ашылуы – осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі.
Жаңа ұйымның мақсаты – әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамайтын белсенді азаматтарды ортақ істерге жұмылдыру, ауыл мен қала өміріндегі маңызды түйткілдерді бірге шешу, ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы «Қазақстанның саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Семей аймақтық филиалының жетекшісі Омар Ардақ ханымды партия қатарына қосылғаны үшін құттықтай отырып, қоғамдық қызметінде табыс тілейді.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиал баспасөз қызметі.