NewsPRESS RELEASEБилікКәсіпкерлікСаясат

САУДА-САТТЫҚ САЛАСЫНДА БІРШАМА ӨСІМ БАР

Қаралым: 20
         Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша көрсеткіштеріне тоқтала кетсек.
        Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2022 жылдың қаңтар-қазанында  кәсіпорында қолданып жүрген бағамен 10093543 млн. теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  81,4 % құрады.
           Ауыл шаруашылығы. 2022 жылдың қаңтар-қазанында  Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 73438,6 млн. теңгені (қолданыстағы бағамен ) құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,6 % болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 60288,8 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша 13095,5 млн. теңгені құрады.
           Сауда. Мақтаарал ауданы бойынша көтерме сауда 3066,4  млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңіне 101,8 %,  бөлшек сауда тауар айналымы 4190,2  млн. болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  106,2  % болды.
            Еңбек рыногы. Мақтаарал ауданы бойынша 2022 жылдың үшінші тоқсанында ірі, орта және шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс істейтін қызметкерлердің есепті саны 13,1 мың адамды құрады. 2022 жылғы  үшінші  тоқсанына  қызметкерлерге есептелген орташа  айлық атаулы жалақы 208636 теңгені құрап, бұл 2021 жылғы үшінші тоқсанына қарағанда 122,6 %  құрады.
        Демографиялық процестер. 2022 жылдың 1 қазанға  Мақтаарал ауданындағы халық саны 128866  мың адам, халықтың табиғи өсімі 2191  адам, туу- 2614  адам,  қайтыс болғандар  423  адам. Тиісті кезеңде некеге тұрғандар — 612  отбасы,  ажырасқандар-30. Осы кезеңде көші-қон бойынша келгендер 3278 адам, кеткендер- 4647 адам.
         Тұрмыс деңгейі. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек Мақтаарал ауданы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы, орта есеппен 2022 жылғы қаңтар-тамызымен салыстырғанда  99,3 % болып  және  42409 теңгені құрап отыр.
Р.АЙДАРОВ,
Мақтаарал аудандық Статистика басқармасының басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *