Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
"РЕСПУБЛИКА КҮНІ" – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ МӘҢГІЛІК МҰРАТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «РЕСПУБЛИКА КҮНІ» – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ МӘҢГІЛІК МҰРАТЫ

«РЕСПУБЛИКА КҮНІ» – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ МӘҢГІЛІК МҰРАТЫ

         Қазанның 25-і – қазақ халқының тарихи жадында мәңгі сақталатын ерекше күн. Бұл – халқымыздың сан ғасырлық арман-мұратының жүзеге асқан, егемендіктің бастауы болған Республика күні. 1990 жылы дәл осы күні еліміздің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданып, тәуелсіздікке жол ашылған еді. Бұл құжат – Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуындағы алғашқы заңды әрі саяси қадам болды.

        Бұл мереке – халқымыздың азаттық жолындағы күрескерлік рухының, ел болуға деген ұмтылысының, мемлекетіміздің қалыптасу тарихының айқын көрінісі. Егемендік декларациясы елдің саяси, экономикалық және мәдени тәуелсіздігіне негіз салды. Ол біздің ұлттық бірегейлігіміздің, тіл мен мәдениеттің, рух пен мемлекеттіліктің жаңғыру кезеңін ашты.
         Бүгінде Республика күні – жай ғана тарихи дата емес, елдікті ұлықтайтын, тәуелсіздікті терең сезінуге мүмкіндік беретін мемлекеттік мереке. 2022 жылдан бастап бұл күннің ұлттық мереке мәртебесіне ие болуы – ел тарихына деген құрметтің, ұлт болашағына деген сенімнің айғағы.
         Абай облысы, Бородулиха ауданының тұрғындары бұл мерекені ерекше ықыласпен қарсы алады. Әрбір мекеме мен ұйым бұл күні елдік рухты асқақтататын іс-шаралар ұйымдастырып, жастарды отансүйгіштікке, ұлттық сана мен рухани жаңғыру идеяларына баулиды.
        «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» ұжымы да Республика күнін жыл сайын мазмұнды іс-шаралармен атап өтеді. Бұл мерекенің тәрбиелік мәні зор – тіл арқылы ұлттық рухты сақтау, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ел бірлігін нығайту ісінде үлкен үлес қосады.
      Бүгінгі ұрпақ – осы тәуелсіз елдің жарқын болашағын жалғайтын мұрагер. Әр азамат Республика күнінде өз жүрегінде елге деген сүйіспеншілік сезімін жаңғыртып, туған жердің тағдырына жауапкершілікпен қарауға тиіс.
        Республика күні – баршамызды өткенге тағзым етіп, болашаққа сеніммен қарауға шақыратын елдік мереке. Бұл күн – тәуелсіздік рухын, ұлттық намыс пен бірлікті дәріптейтін ерекше символ.
Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Барша қазақстандықтарды ел мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің еңсесі биік, болашағы жарқын болсын!
Тіліміз тұғырлы, рухымыз асқақ болғай!
Мейрамгүл АТАЕВА,
Абай облысы, Бородулиха аудандық  «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» директоры.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1