Қоғамнан оқшаулаусыз жазаға тартылған сотталғандар арасындағы қайта қылмыстардың алдын алу үшін қыркүйек айынан, желтоқсан айы аралығында республикалық профилактикалық іс-шара жүргізіледі.
Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты және қылмыстың қайталануын уақтылы анықтау үшін, тұрғылықты жерлері, әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеру болып табылады.
Бұл профилактикалық іс-шара барысында, шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Шымкент қалалық Пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты жерлерін тексеріп, құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда сотталғанға қатысты шаралар қолданылады.
М.БИГЕЛОВ,
Шымкент қалалық №1 Пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны.