ПРЕЗИДЕНТ МАҚАЛАСЫНАН КЕЙІН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 57
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілін жетік меңгермеген отандастарымызға жасаған үндеуінен кейін, KAZGUU мемлекеттік тілді қолдау мақсатында тегін ауызекі сөйлеу клубын ашты.
«Мемлекеттіктілдібілу – Қазақстанныңәрбіразаматыныңпарызы. Міндетідеп те айтуғаболады. Осы орайда мен баршақазақстандықтарға, оныңішіндеқазақтілінәлі жете меңгермегенотандастарымаүндеутастағымкеледі. Халқымызда «Ештенкешжақсы» дегенсөз бар. Еңбастысы, ынтаболуыкерек», –дегенболатын Президент 2021 жылдың 6қаңтарында «ЕгеменҚазақстан» газетіндежарияланғанмақаласында.
«Біз 2020 жылдың соңында ағылшын тілін оқытатын әлеуметтік жоба бастаған болатынбыз. Соның негізінде идеясы өзгеше «Кел, қазақша сөйлесейік!» клубы құрылып отыр. Мұнда сабақ ұлттық менталитет, тарих пен фольклордың ерекшеліктерін, қазақ халқының құндылықтары мен басымдықтарын ескере отырып, арнайы әдістеме бойынша өткізіледі. Ауызекі сөйлеу клубының мүшелері әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен қоғамның өзекті тақырыптарын талқылайды», — деді М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Жоғары гуманитарлық мектебінің директоры Анар Ибраева.
Университет баспасөз қызметінің хабарлауынша, сабақ аптасына екі рет ZOOM платформасында және офлайн форматта өтеді. Алғашқы сабақ 21 қаңтар күні сағат 17:00-де басталады. Қызығушылық танытқан кез келген адам http://bit.ly/qazsoile сілтемесіарқылы өтіп, қазірден бастап жобаға тіркеле алады.
Елордалық университеттің сайтында клуб жұмысына қазақ тілінде сөйлеу дағдысын жетілдіргісі келетін кез келген адам қатыса алатыны жазылған. Клуб мүшелерінің жас ерекшелігі, қазақ тілін білу деңгейі маңызды емес. Тегін курсты білікті мамандар жүргізеді.
М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің баспасөз қызметі.