Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ПОЭЗИЯЛЫҚ БАТЛДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚЫТУШЫСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ПОЭЗИЯЛЫҚ БАТЛДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚЫТУШЫСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ПОЭЗИЯЛЫҚ БАТЛДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚЫТУШЫСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

          Хакім Абай Құнанбайұлының «180 жылдық мерейтойына» орай «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ және «Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» тақырыбында поэзиялық батл өтті.
        Рухани мән — маңызы зор бұл әдеби шара, әлемдік ой алыбының мұрасын кеңінен насихаттап, көркемсөз оқу арқылы жастардың шығармашылық қабілетін ұштауға бағытталды. Батл үш кезең бойынша ұйымдастырылды: авторлық арнау өлең оқу, Абай өлеңін заманауи стильде жеткізу және Абай поэзиясынан үзінділердің жалғасын табу. Қатысушылардың сахнадағы шеберлігі мен көркем сөзді жеткізу мәнері жиналған көпшілік көрермендердің ыстық ықыласына бөледі.
           Байқауға түрлі салада қызмет етіп жүрген азаматтық және мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ әдебиетке жаны жақын жастар қатысты. Абай облысы, Бородулиха ауданындағы «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» қазақ тілі оқытушысы Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы шынайы шабытпен, поэтикалық тереңдікпен ерекшеленіп, қатысушылар арасынан суырылып шығып, жүлделі «II орынды» жеңіп алды.
        Жас өнерпазымызды жүлдегер атануымен құттықтаймыз!
Поэзиялық батл соңында, барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жалынды жастардың жыры ескен бұл тағылымды шара – хакім Абай мұрасына деген құрметтің, жас дарындардың сөз өнеріне деген сүйіспеншілігінің айқын көрінісі болды.
Мерейлі жыл қарсаңында, осындай мазмұнды шаралар өз жалғасын таппақ деген ойдамыз.
Атаева Мейрамгүл Балабайқызы,
Абай облысы, Бородулиха ауданының «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» директоры. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1