NewsPRESS RELEASEЖаңалықтарЖас буынРедакторданРекламаСаясат

ПОСТ «КҮЗ — 2024» ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ САРБАЗДАРЫНА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМ САБАҒЫ ТУРАЛЫ

Қаралым: 22
            Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеу үшін шекарашылар сапына алынған «Күз – 2024» шақырылымының сарбаздары ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде әскери өмірдің алғашқы әліппесімен танысуды бастап кетті.
  Бүгін болашақ шекарашыларға арналған көрсетілім сабағы өтті.
          Мұнда олар шекарашылар ел шебін күзету ісіне қолданатын техника түрлерімен танысып, байланыс құралдары мен қару-жарақтар қойылған көрмені тамашалады.
          Сонымен қатар бөлімнің стадионында Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының арнайы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының сайыпқырандары жас сарбаздарға шекара бұзушының ұстаудың әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *