NewsАнонсыҚоғамХабарландыру

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ — АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Қаралым: 38
       Құрметті Жерлестер! Сіздерді  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне келісім-шарт бойынша әскери қызметке шақырамыз.
        Қордағы офицерлер және сарбаздар мен сержантар құрамы шакырылады. Офицерлердің арасында:
  1. «Медициналық мамандықтар»;
  2. «Артиллерия әскерлері»;
  3. «Авиациялық-техникалық мамандықтар»;
  4. «Психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру»;
  5. «Ракеталық артиллериялық қару-жарақ»
  6. «Инженерлік қамтамасыз ету»;
  7. «Тылдық мамандықтар»
  • «азық –түлікпен қамтамасыз ету»;
  • «киім –кешекпен қамтамасыз ету»;
  1. «Қаржымен қамтамасыз ету» мамандықтары кажет.
      Сондай-ақ сарбаздар мен сержанттарға №18404, №48386 (Талдықорған қ.), №12881 (Алматы қ. ДШӘ), №26363 (Қапшағай қ. ДШӘ), №82796 (Гвардейский к.) және №54179 (Қонаев қ.) әскери бөлімдерінде бос лауазымдар бар екенін хабарлай отырып   әскери бөлімдерде әскерде алған мамандықтар бойынша өз еріктеріңізбен  келісім-шарт бойынша қызметке шақырыласыз. Келісім-шарт бойынша әскери қызметке кірген азаматтарға лайықты әскери атағы мен лауазымына қарай жалақысын, тұрғын үйді жалдауға кепілді төлемдер алады қызмет өткеру жылдарына сай көтерме жалақы беріледі. Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелеріне медициналық көмек және заңнамаға сәйкес басқада әлеуметтік кепілдемелермен  қамтамасыз етіледі.
      Келісім-шарт бойынша әскери қызмет ету тәртібі: ҚР Қарулы күштері қатарында, басқа әскерлерде және әскери құрамаларда әскери қызметін өткерген 19 жастан 29 жасқа дейін ер азаматтары, денсаулық күйі жарамды.
     Толық мәліметті  Атакент кенті, Пушкин к-сі №3в-ға келіп білуіңізге болады.
    Байланыс телефоны: 8 (72541) 3-21-63.
              А.Ж.ҚАБЫЛОВ,
Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері
 жөніндегі біріктірілген бөлімі бастығы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *