Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Орталық Азиядағы USAID агенттігі Агенттіктің 60 жылдығы мен жергілікті дамудың отыз жылдық прогресін атап өтеді - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » Орталық Азиядағы USAID агенттігі Агенттіктің 60 жылдығы мен жергілікті дамудың отыз жылдық прогресін атап өтеді

Орталық Азиядағы USAID агенттігі Агенттіктің 60 жылдығы мен жергілікті дамудың отыз жылдық прогресін атап өтеді

            Нұр-Сұлтан, Қазақстан: 3 қараша күні АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) маңызды кезең — президент Джон Ф. Кеннедидің агенттікті құрғанына 60 жыл толуын атап өтеді. USAID-тың Орталық Азиядағы өңірлік миссиясы агенттіктің 60 жылдығын мерекелеуге қосылады. Алты онжылдық ішінде USAID қауымдастықтарды нығайту және өмір сапасын жақсарту мақсатында бүкіл әлем бойынша елдермен ынтымақтаса отырып, халықаралық даму саласындағы әлемдік көшбасшы беделіне ие болды.
            Әлемнің 100-ден астам елінде USAID командасы серіктестерімен бірлесіп, өмірлерді сақтауға, кедейлікті азайтуға, демократиялық басқаруды нығайтуға және денсаулық, білім беру және экономикалық өркендеуді жақсартуға көмектесетін даму жобалары мен гуманитарлық жобалар бойынша жұмыс істеп келеді.
              1991 жылдан бастап USAID Орталық Азия елдеріне қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда USAID Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерімен және халықтарымен тығыз жұмыс істейді. USAID саяси, экономикалық мүдделер мен қауіпсіздік мүдделерін өз қалауы бойынша, өзі таңдаған серіктестерімен еркін қорғай алатын тұрақты және гүлденген Орталық Азияны; әлемдік нарықтармен байланыс орнатқан және халықаралық инвестицияларға ашық Орталық Азияны; демократиялық институттары бар, заң үстемдігі орнаған, және адам құқықтарын құрметтейтін Орталық Азияны қолдайды.
           Осыған орай, Агенттік басшысы Саманта Пауэр жаһандық даму туралы өз көзқарасы және қызметі кезіндегі басымдықтары туралы сөз сөйлейді. Қосымша ақпарат алу үшін USAID/Орталық Азия веб-сайтына және Facebook-тегі USAID/Орталық Азия парақшасына кіріңіз.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1