BusinessКәсіпкерлікЭкономика

НҰРСҰЛТАН САҚТАҒАНОВ АРНАЙЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қаралым: 123

          Мақтаарал ауданы соңғы 3 жылда облыс көлемінде үздік экспорттаушы аудан атанды. Осы жетістіктерге жетуде және аудан шаруаларының көктемде көкөністерін, жазда қауын-қарбызын, күзде мақтасын шетелге экспорттауда жол-көлік сауда-логистикасының алар орны ерекше.

         Жаз айларында ТМД, Прибалтика елдерінен, Түркия, Германия, Грекиядан күніне 300-ге жуық жүк көліктері Мақтаарал ауданына кіріп-шығады. Осы мақсатта ауданның кіреберісіне сауда-логистикалық орталық құрылып, шетелден келген кәсіпкерлер үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, қонақ үй, кафе, автотұрақ, бассейн кешені мен қосалқы бөлшектер дүкенінің қызметтері қарастырылған. Сондай-ақ, көкөніс сақтау қоймасы да іске қосылған.

            Сапалы сервистерді іске қосып, шетелдік және отандық кәсіпкерлерге барлық жағдайды жасағаны үшін жас кәсіпкер, тәуелсіздіктің құрдасы, Мақтаарал ауданының сауда-логистикалық орталығының директоры Нұрсұлтан Сақтағановты жыл қорытындысымен аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы марапаттады.

           Нұрсұлтан Бақытұлы сауда-логистикалық орталығы арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және сәулеттік келбетінің қалыптасуына да үлкен үлес қосуда. Аудан басшысы кәсіпкерлік саласындағы жетістіктері үшін жас кәсіпкерге «Алпамыс батыр» медалын тағып, сый-сияпаттарын табыстады.

          Айта кетейік, Нұрсұлтан Бақытұлы 1991 жылы Мақтаарал ауданында туылған. 2015 жылы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетін заң мамандығы бойынша тәмамдаған. 2018 жылдан бастап «ТЛЦ Махтарал» ЖШС-нің директоры болып белсенді қызмет атқарып келеді.

 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *