NewsБілім саласыЖас буынҚоғамМерекелік шараРуханият

НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!

Қаралым: 31
       Біздің Кенсары хан атындағы №62 жалпы білім беретін мектебімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған салтанатты  іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткілді.
       Осы мерекелік іс-шараның мақсаты: оқушыларымызға «Наурыз» мейрамы туралы жан-жақты түсінік беру арқылы оларға қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласында  алатын орны, сол мейрамның шығу тарихы туралы құнды ақпараттар беру, оны ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра, насихаттап  ұрпақтардың өз ұлты мен тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру болды.
         Білім ордамыздың білікті педагогы Ербол Жарылқапов пен аға тәлімгері Т.Домұратова апай және қосымша білім беру педагогтары  – Г.Абдубаитова, С.Жакыпова, С.Тобакабулова мен М.Қарсақбаевалар біргелікте ұйымдастырған осы  салтанатты шарамызды – мектебіміздің директоры Жамила Кекилова апай құттықтау сөз сөйлеп отырып, ашып берді. Содан кейін мерекелік шарамызға арнайы шақырылған қадірлі қонақтарымыз жиналған көпшілікке өздерінің игі  тілектерін жеткізді. Олар да «Наурыз көже»-ден дәм ауыз тиіп, өз естеліктерімен бөлісті.
          Мереке барысында ұлттық дәстүрлеріміз жан-жақты дәріптеліп, соларға қатысты «Тұсаукесер» секілді сахналандырылған қойылымдар көрсетілді. Сондай-ақ, асық ойнау, «арқан тартысу», кір тасын көтеру мен басқа да спорттық ойындар ойналып,  мектебіміздің ауласы мерекелік шат-думанға толды. 3-10 сыныптардың өнерлі оқушылары ән айтып, би билеп өз өнерлерімен іс-шарамызға жиналған көпшілікті дән риза етті.
Ұлы Наурыз кел төрлет,
 Ел достығын өркендет!
 Ырыс пен құт, мол болып,
 Елде болсын тыныштық!
Жакыпова Салтанат Дарханқызы,
 Кенесары хан атындағы №62 ЖББМ  КММ тарих пәні мұғалімі.
Жетісай ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *