Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АСЫҚАТА КЕНТІНДЕ БОЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АСЫҚАТА КЕНТІНДЕ БОЛДЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АСЫҚАТА КЕНТІНДЕ БОЛДЫ

            Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев жұмыс сапарымен ауданға келіп, Асықата кентіндегі бірқатар әлеуметтік және  инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты. Нақты айтар болсақ, «SPORT ASSET MANAGEMENT» қоғамдық бірлестігінің жеке инвестициясы есебінен салынып жатқан заманауи теннис орталығы мен ауыл шаруашылығына маңызды рөл атқаратын «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» каналында болды.
         Ол аумағы 1 гектарды құрайтын және құны 1 миллиард теңгеге бағаланған теннис орталығы – ауданда алғаш рет салынып жатқан ірі спорттық нысанмен танысты. Бір мезетте 200-ге жуық адамды қабылдай алатын бұл кешенде спортшылар үшін барлық жағдай жасалмақ. Жаттығушыларға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында:
  • 2 жаттығу залы қарастырылған:
    Бірінде – 9 теннис үстелі
    • Екіншісінде – 3 күрес кілемі, бокс рингі, тренажер жабдықтары
  • Ерлер мен әйелдерге арналған жеке жатақ блоктары (әрқайсысында 15 орын) орналастырылады.
            Кешеннің құрылысы өткен жылы басталып, биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Орталық іске қосылғаннан кейін республикалық және халықаралық деңгейдегі байрақты бәсекелерді аудан аумағында өткізуге мүмкіндік туады.
          Халық қалаулысы сапар аясында ауыл шаруашылығы саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі — ағын су тапшылығына да ерекше көңіл бөлді. Ол Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен су көтеруге арналған «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» каналында болып, оның қазіргі жағдайымен танысты.
        Сала мамандарының айтуынша, соңғы жылдарда өңірде ағын судың жетіспеушілігі айқын сезілуде. Әсіресе, биылғы метеожағдай мен климаттық ерекшеліктер ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруаларды алаңдатып отыр.
         Мәселенің ушығуына бірнеше себеп бар:
  • Тозығы жеткен су тарату арналары уақытылы жөндеуден өтпеген;
  • Ағын судың көп бөлігі жерге сіңіп, буланып немесе жерасты суы арқылы тартылып кетуде;
  • Нәтижесінде, өнімділік төмендеп, ауыл шаруашылығының тиімділігіне кері әсер етуде.
         Депутат бұл мәселелерді Парламент деңгейінде көтеретінін жеткізді.
           Сапар барысында мәжілісмен жергілікті тұрғындарменде кездесіп, тікелей диалог жүргізді. Инфрақұрылымдық жобаларға мониторинг жасап, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген міндеттердің орындалу барысын қарады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1