Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МЕРЕЙІН ҰЛЫҚТАҒАН: «ҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ» ШАРАСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МЕРЕЙІН ҰЛЫҚТАҒАН: «ҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ» ШАРАСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МЕРЕЙІН ҰЛЫҚТАҒАН: «ҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ» ШАРАСЫ

          Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен және «Абай облысы Бородулиха ауданының Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының»  ұйымдастыруымен аудан көлемінде жалпы халықтық «Ұлттық диктант» акциясы өтті. Бұл мәдени-ағартушылық шараның мақсаты –  мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, жазу сауаттылығын жетілдіру және ұлттық бірегейлік пен тіл мәдениетін нығайту.
         Ұлттық диктант – азаматтардың тілге деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттырып қана қоймай, олардың сауатты жазу дағдысын қалыптастыруға бағытталған республикалық деңгейдегі маңызды бастама. Бұл шара – әрбір азаматтың мемлекеттік тілге деген жауапкершілігін, рухани бірлігін айқындайтын, мәдениет пен білімнің тоғысуының айқын белгісі.
       Бородулиха ауданында өткен диктантқа аудан әкімінің аппараты, дербес бөлімдердің басшылары, бөлім мамандары мен қызметкерлері, білім және мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ, ерікті қатысушылар белсенділігін көрсетті.  Қатысушылардың барлығы қазақ тілінің тазалығы мен жазу мәдениетіне деген ерекше қызығушылықтарын танытты.
        Орталық директоры Атаева Мейрамгүл Балабайқызы өз сөзінде:
        – Ұлттық диктант – тілді үйрену мен меңгерудің тиімді тетігі ғана емес, сонымен қатар әрбір азаматтың тілге деген сүйіспеншілігін, ұлттық рухын оятатын маңызды мәдени шара. Бұл бастама арқылы біз мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және оны қоғам өмірінің барлық саласында қолдануға үлес қосамыз, – деп атап өтті.
         Шара соңында, барлық қатысушылар өзара еркін сұхбат құрып, тіл жөнінде ой-пікір алмасты.
       Бородулиха ауданында өткізілген бұл акция  мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін ұлықтауға, ұлт рухын асқақтатуға бағытталған игі бастамалардың бірі деуге толық негіз бар.
Абай облысы, Бородулиха ауданының Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының баспасөз қызметі.  

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1