Қоғам

МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНДЕ АШТЫҚ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛДІ

Қаралым: 28
         Маңғыстау облысының Ұштаған ауылында жазушы Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романы бойынша фильм түсірілді.
       Түсірілім жұмыстары 25 мамырда басталып, 20 маусымға дейін жалғасты. Кинокартина үшін Алматыдан арнайы әртістер шақырылса, басты рөлдердің бірін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемал сомдады. Фильмнің режиссері — «Ақ боз үй» романы авторының ұлы Бекарыс Елубай.
        Қазақ елінің ашаршылықтан қырылған ауыр кезеңі сомдалатын тарихи фильм 2022 жылдың наурыз айында көрерменге жол тартпақ.
Сара ҒАНИҚЫЗЫ,
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектептің
11“В”сынып оқушысы.
Тараз қаласы, Жамбыл облысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *