PRESS RELEASEЭкономика

МАҚТААРАЛ ХАЛҚЫ 135 347 адам

Қаралым: 25
Аудан экономикасының көрсеткіші:
            Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2022 жылдың қаңтар-маусымында  кәсіпорында қолданып жүрген бағамен 5651935 млн. Теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  80,1 % құрады.
           Ауыл шаруашылығы. 2022 жылдың қаңтар-маусымында  Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 8359,9 млн. теңгені (қолданыстағы бағамен ) құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,2 % болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 727,2 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша 7629,4 млн. теңгені құрады.
           Сауда. Мақтаарал ауданы бойынша көтерме сауда 1496,4  млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңіне 104,6 %,  бөлшек сауда тауар айналымы 2200,9 млн. болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  103,9  % болды.
            Еңбек рыногы. Мақтаарал ауданы бойынша 2022 жылдың бірінші тоқсанында ірі, орта және шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс істейтін қызметкерлердің есепті саны 13,2 мың адамды құрады.
          2022 жылғы  бірінші тоқсанына  қызметкерлерге есептелген орташа  айлық атаулы жалақы 206533 теңгені құрап, бұл 2021 жылғы бірінші тоқсанына қарағанда 127,4 % құрады.
        Демографиялық процестер. 2022 жылдың 1 маусымға  Мақтаарал ауданындағы халық саны 135347  мың адам, халықтың табиғи өсімі 1162  адам, туу- 1388  адам,  қайтыс болғандар  226  адам. Тиісті кезеңде некеге тұрғандар- 280  отбасы,  ажырасқандар-21. Осы кезеңде көші-қон бойынша келгендер 1955 адам, кеткендер- 2682 адам.
         Тұрмыс деңгейі. 2022 жылғы қаңтар-маусымға Мақтаарал ауданы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы, орта есеппен 2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда  104,2 % болып  және  40040 теңгені құрап отыр.
Р.АЙДАРОВ, 
Мақтаарал ауданының Статистика басқарма басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *