Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
"МАҚТААРАЛ" ФУТБОЛ КЛУБЫНА – 10 ЖЫЛ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » «МАҚТААРАЛ» ФУТБОЛ КЛУБЫНА – 10 ЖЫЛ!

«МАҚТААРАЛ» ФУТБОЛ КЛУБЫНА – 10 ЖЫЛ!

         «Мақтаарал» мәдениет үйінде «Мақтаарал» футбол клубының құрылғанына 10 жыл толуына орай салтанатты кеш өтті.
        «Мақтаарал» футбол клубы 2021 жылғы Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан Біріншілігінде 21 ойын өткізіп, ойын кестесі бойынша 46-ұпаймен 2-ші орынды жеңіп алды. Осылайша ауданның командасы облыстың командаларымен иық тіресу үшін Республикалық Премьер-лигасына шығып отыр. Әрине, бұл шағын ғана ауданның тұрғындары үшін өте үлкен қуаныш.
          Салтанатты жиын барысында сөз сөйлеген Футбол федерациясының Түркістан облысы бойынша филиалының Президенті Хаким Көшқалиев Қазақстанның футбол тарихында ауданнан шыққан команда тұңғыш рет премьер-лигаға шыққанын өте үлкен жетістік екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол аз ғана бюджетпен үлкен шыңды бағындырған команданың жетістігінің құпиясында аудан басшылығының футболды қолдауға деген дұрыс көзқарасы жатқанын, Мақтааралда футболға деген жағымды атмосфера қалыптасқанын тілге тиек етті.
           Осылайша ҚР Футбол федерацясының елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы марапаттауға келген өкілдері  «Мақтаарал» футбол клубының ойыншыларына күміс медаль тағып, премьер-лигаға ресми түрде жолдама берді. Іс-шарада сөз сөйлеген аудан әкімі Бақыт Асанов алда клубтың бюджетін қайта қарау, стадионын талапқа сай ету, жалпы футболға республикалық деңгейде жағдай жасау секілді бірқатар міндеттер тұрғанын айтты.
          Бірінші және Екінші лига клубтарының 2006 жылы туған жасөспірімдері командалары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасының Біріншілігінде де жергілікті «Мақтаарал» командасы ІІІ орынға қол жеткізді. Аталған команданың ойыншыларына да қола медаль табысталып, алдағы 3-4 жылда жергілікті жасөспірімдер «Мақтаарал» командасының негізгі құрамында ойын көрсетуіне үміт артылды.
           «Мақтаарал» футбол клубы 2011 жылы сол кездегі аудан әкімі Серік Тұрбековтың бастамасымен құрылған болатын.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1