Білім саласыЖас буынҚоғам

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

Қаралым: 18
       Математика сабағында оқушыларды білімді саналы меңгеруге үйрету мұғалімнің бұлжымас міндеті болып табылады. Пәнді оқыту үрдісіндегі саналылық пен белсенділік – оқу материалдарын тез  түсінуге әрі тиянақты үйренуге мүмкіндік береді. Ал, математикалық сөйлемдер мен дәлелдемелердің мәнін түсіну, математикалық теориялардың практикалық қолданысын игеруді талап етеді.
         Оқуға саналы қатынас алдымен оқушылардың өз міндеттерін дұрыс түсінуден, оларды орындауды ынталандырудан басталады. Оқушылардың математиканы оқуға деген ынталылықтарын арттырудың бірнеше жолы бар. Мысалы, сапалы оқулықтар және заманауи тәсілдермен оқытудың әдістері мен оқушылардың жеке басының математика пәніне бейімділігіне, мұғалімнің педагогикалық іскерлігіне байланысты.
         Бүгінгі таңда оқушылардың белсенділігін арттырудың әр алуан тәсілдері бар және олар сабақтың міндеттеріне қарай әр қилы қолданылады. Мәселен, жаңа материалды өткенде проблемалап оқыту әртүрлі жолдармен проблемалық ахуалдар туғызу, эвристикалық әңгімелер ұйымдастыру оның практикалық маңызын көрсететін мысалдар шығару арқылы оқушылардың белсенділігін оятуға болады.
         Математиканы оқытудың білімдік мақсаты – барлық оқушыларды математика ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктер және дағдылармен  қаруландыру болып табылады. Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды. Оқушыларға математикалық білім дағдылар жүйесін берумен қатар математика пәні мектепке басқа да білім беру міндетін атқарады.
        Бұл пәнді оқыту әдісін мұғалім мен шәкірттің оқып үйрену негізіндегі қызмет әрекет айырмашылықтарына қарай екі түрге бөлуге болады: 1.Оқыту әдістері (мұғалім әрекеті) – ақпараттық және оқушының қызметін басқару әдістері жатады. 2. Оқу әдістері (шәкірт әрекеті) – оқу материалдарын танып білу әдісі жатады.
        Қорыта айтатын болсақ, бүгінгі таңда математиканы жан-жақты оқып-үйренудің әдістері деп, оқушының өздерінің математика жөніндегі белсенді, дербес тану әрекетін іске асыруын ұйымдастыру тәсілдерін айтады.
Хамраева Клара Кировна,
«Баяндай негізгі орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі.
 Баяндай ауылы,  Еңбекшіқазақ ауданы.  Алматы облысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *