Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЛӘЗЗАТ ҚҰСАЙЫНОВА – ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫН ЗАҢДАСТЫРУ ҚАЖЕТ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ЛӘЗЗАТ ҚҰСАЙЫНОВА – ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫН ЗАҢДАСТЫРУ ҚАЖЕТ

ЛӘЗЗАТ ҚҰСАЙЫНОВА – ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫН ЗАҢДАСТЫРУ ҚАЖЕТ

Ғалымдардың жалақысын заң жүзінде қарастыру қажет. Мұндай ұсынысты ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының экс-орынбасары Ләззат Құсайынова  ADAL BILIM платформасында өткен тікелей эфир барысында айтты.
Қазақстандық ғылымды дамытуға және ғылыми жобаларға гранттық қаржыландыруды бөлуге қатысты мәселелер ғалымдар арасында талқыланды. Эфир барысында Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығының президенті әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі бойынша ғалымдардың жалақысы мемлекеттік қызметкерлермен теңестірілетінін атап өтті.
«Мемлекеттік қызметкерлер үшін «Азаматтық  қызметшілерге,  мемлекеттік бюджет  қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бар. Онда ғалымдар тәрбиешілермен, медицина қызметкерлерімен, мұғалімдермен қатар қарастырылған. Аталған қаулыда көрсетілген жалақы жүйесі бойынша ғалымдар ең төменгі жалақыны алады, сондықтан олар мемлекеттік қызметкерлермен теңестіріледі», — деп атап өтті Ләззат Құсайынова.
Ләззат Абайқызының айтуынша, соңғы екі жыл ішінде депутаттардың назарын ғалымдарды қазіргі жалақы жүйесінен бөліп шығару немесе осы шешім шеңберінде жеке төлем жүйесін құру қажеттілігіне бірнеше рет аударған. Яғни жеке қосымшалар дайындап, жалақысын дұрыс есептеу керектігін алға тартады. Талқылау барысында ғылыми қызметкерлерге еңбекақы төлеуді заңдастыруды ұсынды, өйткені ол салық салуға жататын  зейнетақы төлеу мүмкіндігін қарастыратынын айтады.
ҚР БҒМ «ADAL BILIM» жобалық
кеңсесінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1