PRESS RELEASEЖаңалықтарЖас буынМерекелік шараРуханиятХабарландыру

«КӨРКЕМ ҚАЛА – АЛМАТЫ» ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ

Қаралым: 69
         Қала күніне орай 20 қыркүйек күні сағат 11:00-де, Alatau Creative Hub-та (IT-Lab коворкингі, 2 қабат) «Көркем қала – Алматы» атты жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
       Мүшәйраның жүлде қоры 2 миллион теңгеден астам.
      Мүшайра жас ақындар шығармашылығын қолдау және әдебиетті дамыту мақсатында өткізіледі.
     Жас ақындар байқауының жеңімпаздарын құрамында Қали Сәрсенбай, Ринат Зайытов, Бақыт Беделхан, Мұратқан Шоқан және Ернат Ысқақ сынды ақындар бар қазылар алқасы анықтайды.
     Қонақтар мен қатысушылар үшін – Бағлан Әбдрайымов, Өмірқұл Айниязов, Ұшқын Жамалбек, “Сазген сазы” фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетеді.
      Байқауды ұйымдастырушылар: Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі, Қазақстан жазушылар одағы, Алматы қаласының әкімдігі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *