NewsPRESS RELEASEЭкономика

«КӨКПАРСАЙДА» ТАҒЫ БІР КӨПІР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Қаралым: 17
          Ауданымызда мердігер мекеме «СК Дар» ЖШС тарапынан облыстық маңызы бар КХ-78 «Атакент-Кеңесшіл-Есентаев» автомобиль жолының 13+760 шақырымындағы «Көкпарсай» елдімекеніне кіреберіс көпір күрделі жөндеуден өткізілуде.
        Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жүзеге асып отырған бұл жұмыстың құжаттарында,  көпірдің ұзындығы 40 метр, ал ені 13,5 метр деп көрсетілген. Қазіргі уақытта, бұл көпірдің тірек қадаларын қағу жұмыстары жүргізілуде.
         Облыстық маңызы бар бұл нысанның  құрылысы 2025 жылы толық аяқтау жоспарлануда. Жөндеу жұмыстарының сапасын – оған тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Регион Технадзор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК-нің Түркістан облысы филиалы тарапынан тұрақты бақылануда.
С. ҚУАНЫШБЕК, Мақтаарал ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *