Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
КӨКПАР - ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫНА СІҢГЕН ӨНЕР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » КӨКПАР — ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫНА СІҢГЕН ӨНЕР

Warning: Undefined array key "tie_sidebar_pos" in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

КӨКПАР — ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫНА СІҢГЕН ӨНЕР

Қалың нөпірді қақ жарып барып, дода ортасынан серкені суырып шыққан көкпаршысын көргенде жүрегі жарылардай қуанбайтын қазақ бар ма? Көкпарды жігіттің жігіті ғана тартады. Ұландарын қаршадайынан төзімділікке, ептілікке, батылдыққа, батырлыққа баулитын өнер түрі де осы көкпар ойыны.

Бүгінде ұлттық ат спортын дамыту, елдімекендерде бұқаралық спортты қолға ала отырып, жастардың ұлттық ойынымызға деген қызығушылықтарын арттыру, көкпар ойынының бекітілген ережелері мен дүбірлі ат додасын өткізуде қоғамдық тәртіпті қатаң сақтау, адам өміріне төнетін қауіптердің алдын алу мақсатында Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында алқалы жиын болып өтті.

Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков жүргізіп отырған жиынға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, Түркістан облыстық «Ұлттық ат спорты – Көкпар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ғани Ахметбаев, Жетісай аудандық көкпар федерациясының Президенті Сабыр Айбековпен қатар ауданның атбегілері мен тақымы мықты құрыш білекті шабандоздары қатысты.

Төрткүл дүниені түгел мойындатқан қазаққа ғана тән, бағзы заманнан, батыр бабалардан мирас болған асыл өнердің бүгінгі жай-күйі мен өткізілу тәртібі, командалық және жаппай көкпарда қатаң сақталуы тиіс ережелерді түсіндірген Түркістан облыстық «Ұлттық ат спорты – Көкпар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ғани Ахметбаев шабандоздар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берді.

«Басы қайырусыз, аяғы жиюсыз жатқан қазақ елінің қанын қыздырып, жүрегіне от беріп, делебесін қоздыратын дегдар ойын – көкпар заманына сай жаңғырып, жасарып қазақпен бірге жасап келеді. Ат спорты, жылқы жануарының қасиеті жайында Елбасымыз өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында да ерекше тоқталып кеткен. Сондықтан да біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, насихаттауға, дамытуға, бекітілген ережелерді қатаң сақтауға міндеттіміз. Көкпар барысында қоғамдық тәртіпті сақтауда жергілікті әкімдіктер мен ішкі істер органдары көкпар федерациясының өкілдерімен бірігіп жұмыс жүргізсе нұр үстіне нұр болар еді» деді Ғани Молдабекұлы.

Сонымен қатар, жиын барысында көкпар додаларында өзгелерден ептілігімен, астындағы арғымағының жылдамдығымен көзге түскен жас шабандоздарға жол көрсетіп, баптауды қолға алу керектігін, сол арқылы ауыл жастарын ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге баулу керектігін айтқан жиынға қатысушылар көкпар ойынына төрелік жасайтын сертификатталған кәсіби төрешілердің санын арттыру керектігін алға тартты. Себебі, бір мезетте бірнеше жерде өткізілетін көкпарларда төрешілердің жетіспеушілігі көп жағдайда ереженің сақталмауына, көкпаршылар арасындағы түсінбеушіліктің туындауына соқтырып жатады екен.

Басқосу соңында ел ағалары тұлпардың тұяғының дүбірін естісе делебесі қозып, қиқуламай отыра алмайтын үлкен-кішіні қасиетті Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығымен құттықтап, көкпаршылардың бабы мен бағының қатар шабуын, тұлпарларының тұяғы сүрінбей адал салымға қол жеткізе берулерін, елдің берекесі мен ынтымағының берік болуын тілесіп, бата жасасты.

Бауыржан НАЙМАНОВ,

Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1