NewsКәсіпкерлікЭкономика

КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚАДАМ: МAҚТААРАЛДА КӘСІПКЕРЛІК ПЕН АГРОҚҰЗЫРЕТТІЛІК БОЙЫНША ОҚЫТУ ӨТТІ

Қаралым: 38
         Түркістан облысында кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, тұрғындардың қаржылық сауаттылығын жетілдіру және бизнес жүргізу бойынша білімін кеңейту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
          Осы мақсатта «TÚRKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы өңірдің аудан-қалаларында «Кәсіпкерлік негіздері және агроқұзыреттілік» тақырыбында оқыту семинарларын өткізуде.
         Кезекті семинар «TÚRKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Мақтаарал аудандық бөлімі, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» және №14 колледж МКҚК ұйымдастыруымен, Атакент кенті №14 колледжде өткізілді. Оқу семинарға қатысушыларға кәсіп ашу мен оны дамыту жолдары, бизнес-жоспар құру, қаржыландыру мүмкіндіктері және мемлекеттік қолдау тетіктері түсіндірілді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы тиімді әдістер мен тәжірибелер туралы ақпарат берілді.
        Орталықтың оқыту бөлімінің бизнес-тренері Жасұлан Мендикулов кәсіпкерлік негіздері мен агроқұзыреттілік бағыттары бойынша дәріс оқып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
        Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында семинардан кейін қатысушылар ЖК «Әлсейітова» Әлсейітова Арайлым ханым кәсіпкерлік нысанының жұмысымен танысты.
       Кәсіптің ұйымдастырылу барысын көріп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыға сертификат табысталды.
          Аталған семинарлар тұрғындардың кәсіпкерлік саласындағы білімін арттырып, жаңа бастамаларды жүзеге асыруына және қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануына ықпал етеді. Сонымен қатар өңірде шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
«TÚRKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы КММ-нің
Мақтаарал аудандық бөлімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *