Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
КӘСІПКЕР АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП, «ASHYQ» ЖОБАСЫН ТЕСТТІК РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ЖАСАУҒА КІРІСТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » КӘСІПКЕР АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП, «ASHYQ» ЖОБАСЫН ТЕСТТІК РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ЖАСАУҒА КІРІСТІ

КӘСІПКЕР АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП, «ASHYQ» ЖОБАСЫН ТЕСТТІК РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ЖАСАУҒА КІРІСТІ

          Мақтаарал ауданынан «Ashyq» жобасына алғашқылардың бірі болып жеке кәсіпкер Ақтолқын Умиртасованың «Ақтолқын» моншасы тесттік режимде қосылды. Жоба туралы Кәсіпкерлер палатасы мамандары мен Бұқаралық ақпарат құралдарынан танысқан кәсіпкер алғашқылардың бірі болып QR кодын алып, тесттік режимде жұмыс жасауға кірісті.
        Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалы, кәсіпкердің моншасына QR кодты алу бойынша көмек көрсетіп, қосымшамен жұмыс жасау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
           Айта кетейік, облыстың бас санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес моншалар мен сауналардың қызметі сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат етілген болатын.
        Еске салайық, жоба бойынша қазіргі таңда «Rixos Turkistan» қонақ үйі жұмыс жасауда.
       Ashyq деген не:
       Ashyq –  қоғамдық орындарға баратын адамдарды тіркеуге арналған қосымша. Нысанға кірмес бұрын пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді де, оны кіреберісте тұрған әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Ал, азаматтардың статусы денсаулық сақтау министрлігіндегі мәліметтер базасымен салыстырғаннан кейін белгілі болады.
  • «Қызыл» статус – азамат ПТР-тест тапсырып, ол оң нәтиже көрсеткенде беріледі. Мұндай статусы бар адамдар үйде оқшаулану режимін қатаң түрде сақтауы керек.
  • «Сары» статус – ауру жұқтырғандармен байланыста болғандарға беріледі. Оларға үй жанындағы азық-түлік дүкендеріне немесе дәріханаларға баруға рұқсат берілген. Бірақ қоғамдық орындарға баруға тыйым салынған.
  • «Көк» статус – ПТР-тест тапсыру міндетті болатын орындардан басқа жерде еркін жүре алатын азаматтарға телінген.
  • «Жасыл» статус – емін-еркін қозғала алатын адамдарға беріледі.
         Құрметті кәсіпкерлер! «Ashyq» жобасына қатысты сауалдар туындаған жағдайда Кәсіпкерлер палатасының мамандары кеңес беріп, сүйемелдеу жасауға әзір.
           Жауапты мамандармен байланыс: 8-777-918-89-51 (Амирова Зухра Тулебаевна), 8-778-906-90-09 (Орынбек Бағдат Бақытжанұлы)
Нұргүл АБДРАЗАКОВА,
«Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Мақтаарал аудандық филиалының директоры.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1