Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

         Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Спорт күні» мерекесі аясында аудандық спартакиада болып өтті.

        Аудандағы спорт мекемелерінің қызметкерлері арасында спорттың кіші футбол, үстел теннисі мен арқан тарту, асық ату мен бес асық, ләңгі тебу секілді түрлерінен өткен шараға мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, 100-ге тарта спорт саласының қызметкері қатысты.
         Қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып бұқаралық спортты дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған спартакиадада әр команда өздерінің дайындықтары мен жеңіске деген құлшыныстарын байқатты.
         Жанкүйерлердің делебесін қоздырып, спортқа деген сүйіспеншілігін арттырған теңбіл доп шеберлері сайысының қорытындысы бойынша өзге командалардан айла-тәсілі мен тәжірибесін арттырған «Жетісай» футбол клубының құрамасы ІІІ орынға табан тіресе, ІІ орын «Жетісай спорт клубы» командасына бұйырды. Жүлделі І орынды №1 БЖСМ командасының ойыншылары иеленіп, жеңімпаз атанды.
         Ал, арқан тартудан ІІІ орынды №2 БЖСМ құрамасы иеленсе, ІІ орынды «Жетісай спорт клубы» мекемесінің, І орынды «Ұлттық спорт клубы» мекемесінің білекті жігіттері қанжығаларына байлады.
        Жылдамдық пен дәлдікті қажет ететін үстел теннисі бойынша ІІІ орынға №2 БЖСМ ойыншысы Ерлан Қарашаев, ІІ орынға «Жетісай спорт клубы» ойыншысы Мақсат Қыдырша, І орынға №3 БЖСМ ойыншысы Аружан Нұржанқызы ие болды.
          Сондай-ақ, ұлттық спорт ойындары саналатын асық атудан ІІІ орынды «Жетісай» футбол клубы, ІІ орынды «Жетісай» спорт клубы, І орынды №3 БЖСМ ойыншылары, бес асықтан ІІІ орынды «Жетісай» футбол клубының қызметкері Альбина Ахмет, ІІ орынды «Жетісай» спорт клубының қызметкері Сания Жантасова, І орынды аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкері Гүлбаршын Джайлыбаева, ләңгі тебуден ІІІ орын №1 БЖСМ құрамасының, ІІ орын №3 БЖСМ құрамасының, І орын «Жетісай» спорт клубының еншісіне бұйырды.

          Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар арнайы кубокпен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, ұйымдастырушылардың дипломдары мен медальдарына, түрлі номинацияларына ие болды.
          Кәсіби мереке аясында жеңімпаз шәкірт тәрбиелеп, қоғамдық істерде белсенділік танытып, спорттың дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлер сый-құрмет көрсетіліп, Жетісай ауданының әкімі Серік Ұсенұлы Мамытовтың алғыс хаттарымен марапатталды.

 

          Айта кетейік, жалпы командалық есепте спартакиаданың ІІІ орынын спорттың 6 түрінен 93 ұпай жинаған «Жетісай» футбол клубының командасы иеленсе, ІІ орынды 106 ұпаймен №3 БЖСМ командасы иеленді. 124 ұпай жинаған «Жетісай» спорт клубының құрамасы командалық есепте көш бастап, 124 ұпаймен І орынды қоржындарына салды.
Бауыржан НАЙМАНОВ. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1