Біздің мектебімізден түлеп ұшқан – Жанкелді Олжас пен Бижанова Гүлімқыз отбасылы жұп. Олар қазіргі таңда ауданымыздағы “Халыққа қызмет көрсету орталығында” елге қызмет етіп жүрген білікті маман иелері болып табылады.
Осы отбасылық жұппен мектебіміздің 10 “А” сыныптың мамандық таңдауды зерттеп жүрген шәкірттері сабақтан тыс уақытта арнайы кездесу өткізіп, қызықты өткен шара барысында өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Біз, мамандық таңдауға ерекше мән беретін шәкірттеріміз үшін, бүгінгі таңда өз ісінің шебері атанып жүрген білім ордамыздан түлеп ұшқан түлектермен кездесулер ұйымдастыруға тырысамыз. Бұл екі жақтың да тез тіл табысуына, шәкірттердің білікті маман атанған азаматтарға өздерін қызықтырған мамандықтарға қатысты сауалдарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алуларына мүмкіндік туады.
-Әлі де бар талдауым,
Әр салаға арнауым.
Аламын тек біреуін,
Нақты болып таңдауың!
Фариза ХУШКЕЛДИЕВА,
Шоқан Уәлиханов атындағы №2 жалпы білім беретін КММ-нің кәсіптік бағдар беру педагогы. Жетісай ауданы.