Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
КҮНЕГЕЙ КӨҢІЛ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » КҮНЕГЕЙ КӨҢІЛ

КҮНЕГЕЙ КӨҢІЛ

          Жақында кітапханамызда –  еліміздің танымал жазушы, журналист, аудармашысы  Мархабат Байғұттың шығармашылығын жас буынға кеңінен насихаттау мақсатында, көпшілік оқырмандардың қатысуымен  «Күнегей көңіл» атты  мәдени іс-шара болып өтті.
          Бұл шарадан көзделген мақсат:  шығармаларында – адам өмірінің тылсым құпияларын, адамгершіліктің асыл  құндылықтарын, ауыл өмірінің тыныс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, табиғат сырын, адам психологиясын, жасөспірімдердің өмірдегі  болмысын жан-жақты бере білген жазушылардың бірі Мархабат Байғұтты жас буынға кеңінен таныту болды.
          Алдымен мен сөзге шығып, оқырмандарымызға –  Мархабат Байғұттың өмірі мен шығармашылығын қысқаша таныстырып  өттім. Екінші кезекте  кітапханамыздың белді оқырманы Тажібай Азамат жазушының «Күнегей көңіл» атты шығармасынан үзіндіні жатқа  оқыды.
            Жазушының «Күнгей көңіл» дейтін осы жаңа жинағына оның қаламгерлік толғамдары енгізіліп, ол –  «Күнгей көңіл», «Жомарт жол», «Шымкент шырыл» атты бөлімдерден құралған. Жинаққа кірген дүниелерінің бәрі дерлік –«Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде жарияланып, жұртшылық тарапынан жылы қабылданған.
           Іс-шараның қорытынды бөлімінде мен, оқырмандарымды Мархабат Байғұттың өзге де кітаптарымен таныстырып, осы шараға келген оқырмандарға өз алғысымды білдіріп, қортынды жасадым.
Д.БИЛИМБЕТОВА,
Атакент кенті-2, ф.10-шы кітапханасының меңгерушісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1