Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
КОРОНАВИРУСТАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ? - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Денсаулық » КОРОНАВИРУСТАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?
dw.com

КОРОНАВИРУСТАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

Коронавирустық инфекция (COVID-19) жіті респираторлық вирустық инфекция. Коронавирустық инфекция ауру жұқтырған адамнан келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ тамшылар арқылы бетіне, есік тұтқасына түседі. Ол заттарды ұстаған адам қолын жумастан көзіне, мұрнына немесе аузына тигізсе, ауруды жұқтырады. Сондықтан, коронавирусқа шалдыққан адамнан 2 метр қашықтықта жүру маңызды.
Коронавирустық инфекцияның белгілері – дене қызуының көтерілуі, түшкіру, әлсіздік, бас ауру, тамақтың жыбырлауы, кеуде қуысының ауыруы, жүрек қағысының жиілеуі, құрғақ жөтел. COVID-19 инфекциясы 65 жастан асқан адамдарға, 5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, иммунитеті әлсіз не жүрек, өкпе, бүйректің созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп туғызуы ықтимал. Ең алдымен, әр адам төмендегі санитарлық гигиена талаптарын сақтау керек:
  • көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартқан жөн;
  • қоғамдық орындарда 2 метр арақашықтықты сақтау;
  • қолды жиі-жиі сабындап жуу, арнайы антисептикалық құралдарды пайдалану;
  • үй-жайды (жұмыс орнын) таза ұстау;
  • дене қызуын күніне 2 рет мүмкіндігінше өлшеу қажет;
  • тұрғын үй жайларын тәулігіне 2 рет желдету;
  • тұрғын үй жайларын ылғалды жинау кезінде дезинфекциялау заттарды қолдану қажет;
  • жеке гигиенаны сақтау (жеке сүлгі, сабын, ұстара құралдарын пайдалану және т.б.);
  • қоғамдық орындарда жүргенде көз, мұрын, ауызға қол тигізбеу;
  • жөтелу және түшкіру кезінде ауызды бір рет қолданылатын майлықтармен немесе орамалмен жабу, содан кейін сабынмен мұқият жуу немесе спирт ерітіндісімен немесе дезинфекциялық сулықтармен өңдеу қажет, содан кейін залалсыздандыру қажет;
  • қоғамдық орындарда жөтеліп немесе түшкіріп жатқан адамдарымен қарым-қатынас жасамауға тырысу, мүмкін болмаған жағдайда кемінде 1 метр қашықтықта дистанцияны сақтау;
  • ЖРВИ белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, көбінесе құрғақ жөтел, қалтырау, денедегі қақсау, мұрын шырышты қабатының қабынуы және т.б.) үйде қалу өзін-өзі емдеумен айналыспау және міндетті түрде медициналық көмек шақыру қажет.
Д.АБДЕШЕВА,
Мақтаарал аудандық СЭББ басшысының орынбасары.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1