Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық полиция департаментінің ғимаратында Еңбекші аудандық прокуратурасының бөлімінің бастығы Е.Насридин, ЖПҚ бастығы О.Алгибаев пен Еңбекші аудандық №1ПҚБ қызметкерлері және сотталған азаматтардың қатысуымен кең ауқымда іс шара болып өтті.
Маңызы ерекше осы іс шараның мақсаты – 2023 жылдың ақпан айының 16-23 аралығында өткізілетін «Пробациялық бақылау» атты жедел-профилактикалық іс-шараны жан-жақты талқылап, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандарды қайта қылмыстқа барудан сақтандыру, тұрғылықты жерінде болу, жұмыспен қамту, қоғамға бейімдеу және белгіленген жаза өтеу ережелерін қатаң сақтау бойынша профилактикалық шаралар жүргізілді.
Бүгінгі таңда біздің еліміздегі пробация қызметінің басты мақсаты – сотталған азаматтардың сана сезімін, өмірге деген көзқарастарын өзгертіп, түзелу жолына түсіру болып табылады.
В.КОВАЛЕНКО,
Шымкент қалалық №1 пробация қызметі бөлімі бастығының орынбасары, әділет подполковнигі.