ӘдебиетЖас буынҚоғамМерекелік шараӨзекті мәселеПоэзияРуханият

КЕНЕ ХАН

Қаралым: 75
(15 қараша — Батырлар күні!)
Ұлтын ойлап ұйқысыз таң атырған,
Жұртын қорғап бес қаруын асынған.
Айбатынан арыстандай ақырған,
Сағы сынып жаудың сұсы басылған.
Арғы атасы Абылайдай асылдан,
Текті туған терең ойлы Қасымнан.
Ер жүректі алғыр еді жасынан,
Асау еді сөз асырмас басынан.
Сертке берік семсер мінез Кененің,
Ер жігіттер қалмаушы еді қасынан.
Қазағына жаны удай ашыған,
Хан Кененің қаны қайнап тасыған.
Жау қамалын ата жұрттан аршыған,
Ата жауын алты белден асырған.
Асыл Кене айрылса да басынан,
Алты алашы айрылса да батырдан,
Хан Кенесі жүрегінде қазақтың,
Алып ұлы айырылған жоқ халқынан.
Хуат ИРКИНҚЫЗЫ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *