Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ МЕМЛЕКЕТКЕ КЕРІ ҚАЙТАРЫЛУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ МЕМЛЕКЕТКЕ КЕРІ ҚАЙТАРЫЛУДА

ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ МЕМЛЕКЕТКЕ КЕРІ ҚАЙТАРЫЛУДА

          Мақтаарал ауданында игерілмеген жер телімдері мемлекетке кері қайтарылуда. Бұл туралы Түркістан облысының БАҚ өкілдеріне берген брифингте аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.
         «Жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі ауданда өте өзекті болып отыр. Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр. Бұл мәселе Мемлекет басшысының Жолдауында да аталып өткен» — деді Бақыт Насырханұлы.
          Биыл Мырзакент кенті аумағынан жеке тұлғалардың кәсіпкерлік мақсаттағы берілген жер телімдерінен 11 жер учаскесінің игерілмегендігі және құрылыс жұмыстары жүргізілмегендігі анықталып, ҚР-ның Заң талаптарына сәйкес тексеру жүргізу үшін Түркістан облыстық Жер инспекциясы басқармасына хат жолданған.
        Тұрғын үй мақсатында пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару шараларын жүргізу барысында ауданға қарасты Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі аумағында орналасқан тұрғын үй мақсатында берілген 52 жер учаскелерін зерделеу барысында 23 жер учаскелері осы таңға дейін тиісті мақсатында пайдаланылмай жатқаны анықталып, акт түзіліп, мемлекет меншігіне қайтарылыпты.
          Еңбекші ауылдық округіндегі пайдаланылмай жатқан 11 жер учаскенің 1-еуінің күші жойылса, қалғандарына заң талаптарына сәйкес кері қайтару жұмыстары жүргізілуде. Иіржар ауылдық округінде де пайдаланылмаған 1 жер учаскесінің шешімінің күші тоқтатылған.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1