А.Қалыбеков ауылдық округіндегі референдум бойынша №392 сайлау учаскесіне сағат 10.30 минут өткенде келгенімізде, референдум коммиссияның төрағасы Құрманбек Тәженов учаскеде дауыс беруге 1360 азамат тіркелгенін айтты. Таңертең сағат 9.30 да 390 азамат дауыс беріп үлгерген.таңертең сағат 7.00-де Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы, атақты палуан, еңбек ардагері Жасұзақ Сыдықов, жас отбасы мүшесі Дүйсебай Іңкар алғаш болып дауыс берді оларға сайлау коммиссиясы сый-сияпат ұсынды.
«Үлгілі» ОМ бастауыш сынып оқытушысы Райхан Сексенбаевамен сөйлескенімізде ол «Еліміз саяси жаңғыру арқылы жаңа арнаға түседі деп ойлаймын. Елдігімізді сақтап, мемлекетімізді өркендету үшін Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың бастамасын қолдауға тиіспіз. Конституциалық реформаның басты бағыты – супер президенттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшуді көздейді. Заң күшті, үстем болса халық өз байлығының игілігін өзі көреді. Бізге тас қамалдай берік заң керек», деді.
Осы пікірді үлгілі отбасы мүшесі Асылбек Мұсабеков, ауыл әкімшілігінің жастар ісі бойынша инспекторы Нұрдаулет Күзбаевтар да қолдады.
Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ.