Әлеумет

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Қаралым: 36
           Есепте тұрған 9 азамат  пробация қызметінің ықпалымен тұрақты жұмысқа орналастырылды.
            Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгілеу туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы №139 қаулысына сәйкес, Шымкент қалалық №1 пробация қызметі бөлімі пробация қызметінде есепте тұрған 9 азамат  пробация қызметінің ықпалымен Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа орналастырылды.
          Атап айтқанда, 6 азамат «Shymkent  Bus» ЖШС-не аула тазалаушы болып, 3 азамат «Барыс 2007» ЖШС-не қызметкер болып жұмысқа орналасты.
Е.АЛИМКУЛОВ,
Шымкент қалалық №1 ПҚ бөлімі бастығы әділет майоры.
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *