Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙДА ЖАЗА БАСҚАНДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ЖЕТІСАЙДА ЖАЗА БАСҚАНДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ

ЖЕТІСАЙДА ЖАЗА БАСҚАНДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ

            Жетісай аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында – аудандық пробациялық қызметі есебінде тұратын аудан бойынша түзету мекемелерінен босатылған және шартты мерзімге сотталған азаматтарды қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
            Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, консультациялық кеңесші орган төрағасының орынбасары Әділхан Әбжановтың тапсырмасына сәйкес жоспарлы түрде ұйымдастырылған жәрмеңкеге Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы, әділет майоры Дильшат Назаров бастаған бөлім инспекторлары, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мен пробациялық қызметі есебінде тұратын азаматтар қатысты.
           Сонымен қатар, аудандағы түзету мекемелерінен босатылған азаматтарды қоғамдық ортаға қайта бейімдеу мақсатында бос жұмыс орындарына жұмысқа шақыру жәрменкелерін сапалы, нәтижелі ұйымдастыру мәселелері бойынша жиын ұйымдастырылды.
            Жетісай аудандық пробация үйінде пробациялық қызмет инспекторларымен түзету мекемелерінен босатылған азаматтары қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында, уақытша және тұрақты жұмысқа орналасуға, қалыпты өмірге қалыптасуларына ықпал жасап, әлеуметтік қолдау жасау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
           «Жәрмеңкенің негізгі мақсаты жұмыссыз жүрген сотталған азаматтарды жұмыспен қамту, олардың бос уақытын тиімді пайдалану және қайта қылмыс жасаудың алдын алу болып табылпды. Жыл басынан бері мұндай жәрмеңкелірді тұрақты түрде өткізіп келеміз.
            Қазіргі таңда Жетісай ауданының пробациялық қызметі есебінде 221 сотталған азамат есепте тұрады, оның ішінде 31 азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп тұр. Жыл соңына дейін осы азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз» дейді Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы, әділет майоры Дильшат Назаров.
            Айта кетейік, жыл басынан бері Жетісай ауданы әкімінің квотасымен 28 сотталушы, ал, аудандық пробациялық қызмет бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің біргелікте жұмыс жүргізулерінің нәтижесінде тағы 66 сотталушы уақытша және тұрақты жұмысқа орналасқан. 15 азамат қайта даярлау курстарына жіберілген.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1