Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙДА 75 ГЕКТАРҒА ҚАУЫН МЕН ҚАРБЫЗ ЕГІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖЕТІСАЙДА 75 ГЕКТАРҒА ҚАУЫН МЕН ҚАРБЫЗ ЕГІЛДІ

ЖЕТІСАЙДА 75 ГЕКТАРҒА ҚАУЫН МЕН ҚАРБЫЗ ЕГІЛДІ

       Өзге өңірлерге қарағанда көктемі ерте келетін Жетісай ауданында жыл сайын ақпан айының соңында қауын егуді бастайтын жетісайлық дихандар биыл ауа-райына байланысты 10-15 күн кешігіп отыр.
        Әйтсе де, күн райының жылынғанын тиімді пайдаланған Ж.Ералиев, Атамекен, Қызылқұм, Ынтымақ, Жаңа ауыл, Жылы су және Қазыбек би ауылдық округтерінің дихандары 93 гектарға бақша дақылдарын егіп үлгерген. Оның 75 гектары қауын болса, 18 гектарына қарбыз егілген.
         Өткен жылы бақша дақылдары егілген 1311 гектардың 1084 гектарына қауын, 227 гектарына қарбыз еккен Жаңа ауыл ауылдық округінің шаруалары биыл 1500 гектарға бақша егуді жоспарлап отыр. Оның 1300 гектары қауын болса, 200 гектарына қарбыз көшеті отырғызылатын болады. Бүгінгі таңда бақша дақылдары егілген 70 гектар егістіктің 60 гектары қауын болса, 10 гектары қарбызды құрап отыр.
         Өткен жылы суармалы егістік жерінің 15,2 мың гектарына бақша дақылдарын, соның ішінде 11 мың гектарға егілген қауын мен 4,2 мың гектарға егілген қарбыздан 418 мың тонна өнім алған жетісайлық шаруалар биылғы жылы 19 мың гектарға бақша, оның 14,4 мың гектарына қауын, 4,6 мың гектарына қарбыз егуді жоспарлап отыр.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1