Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«ЖЕТІСАЙ» ӨҢІРЛІК МАҢЫЗЫ БАР ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫН ҚҰРУҒА ҚАЖЕТТІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ЖЕТІСАЙ» ӨҢІРЛІК МАҢЫЗЫ БАР ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫН ҚҰРУҒА ҚАЖЕТТІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«ЖЕТІСАЙ» ӨҢІРЛІК МАҢЫЗЫ БАР ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫН ҚҰРУҒА ҚАЖЕТТІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

           Бүгінде  Жетісай ауданында аумағы 59 га.-ды құрайтын «Жетісай» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ құруға қажетті инфрақұрылымдарды жеткізіп беру мақсатында ЖСҚ әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аудан басшысы Серік Мамытов осы өндрістік аймақта болып, жалпы құны 15 млн. АҚШ долларын  немесе 7,5 млрд теңгені құрайтын – ауыл шаруашылығы саласына қажетті тамшылатып суғару әдісін жүзеге асыруға арналған құрал-жабдықтар мен пленкаларды шығаратын зауыттың салыну барысын көріп, шет елдік инвесторларымен кездесу өткізді.  Жетісай ауданында соңғы 30 жылда алғаш рет іске қосылғалы тұрған бұл зауыт аудан экономикасының дамуына тың серпіліс берері анық.
         Сонымен қатар, аудан әкімдігі тарапынан әлеуетті жобаларды іске асыруға ынталы инвесторларымен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде осы индустриялды аймақта жалпы құны – 29,9 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба іске аспақ. Нақтылап айтқанда – сүт өңдеу зауыты, мақта өңдеу зауыты, жіп иіру фабрикасы, су үнемдеу жабдықтарын өндіру мен полиэтилен қалдықтарын қайта өңдеу зауыттары 2026 жылы пайдалануға беріліп, жаңадан 1083 тұрақты жұмыс орындары ашылады деп жоспарланып отыр.
           Жетісай ауданына инвестиция тарту жағы да жақсы жолға қойылыпты.  2022 жылы 14,9 млрд. теңге, 2023 жылы 25,4 млрд. теңге, 2024 жылы 43,7 млрд. теңге, ал ағымдағы 2025 жылдың 8 айында 22,3 млрд. теңге қаржысы тартылып, соңғы 5 жылда инвесторлар есебінен тартылған инвестицияларды жалпы көлемі 94,5 млрд. теңгеге жеткен екен. Сауатты жүргізілген жұмыстардың арқасында 2024-2030 жылдар аралығында аудан экономикасын өркендету бағытында жалпы көлемі – 419,6 млрд. теңгенің инвестициясын тарту көзделіп отыр.
С.ҚУАНЫШБЕК, 
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1