Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

          Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылдық округіне қарасты Датқа елді мекенінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің №42 өрт сөндіру бекеті ашылды.
         Ғимараттың ашылу салтанатына Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Сарбатов Әскер Сексенқалиұлы, төтенше жағдай саласының ардагерлері мен аудандық бөлімнің жеке құрамы, ауыл тұрғындары қатысты.
        «Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы – төтенше жағдайларды жоюда, өрт сөндіру қызметінің жеделділігін, тиімділігін арттыруда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.
Мемлекеттің басты басымдығы мен төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің негізгі міндеті – ең алдымен аймақты өрттен қорғау, сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету болып табылатыны баршамызға аян. Осы бағыттағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік, дендеріңізге саулық тілеймін!» деген аудан басшысы жұртшылықты өрт сөндіру бекетінің ашылуымен құттықтады.
          Салтанатты лента қию рәсімінен соң қонақтар өрт сөндіру бекетінің ішін аралап көрді. Қызылқұм, Абай, Мақталы және Атамекен ауылдық округтерінің 40 мыңға тарта тұрғынның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген қажеттіліктен туындаған өрт сөндіру бекетін іске қосу үшін соңғы бірнеше жылда пайдаланылмай тұрған ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілген. Арнайы байланыс құралдарымен, демалыс бөлмесімен және оқу-жаттығу кабинетімен жабдықталған бекетте 2 өрт сөндіру автокөлігі, 13 өрт сөндіруші қызмет атқаратын болады.
            Айта кетейік, бұған дейін аудандағы 2 өрт сөндіру бекетінде 5 техника мен жеке құрамда 70 қызметкер қызыл жалынды ауыздықтап келген еді.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1